Атырау, 19 мамыр 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда әрбір бесінші спиртті сусын заңсыз өндіріледі

2 441 просмотра


Жалпы Қазақстан халқы былтыр 74,1 млн литр көлемінде арақ пен оның ликер қосылған түрін тұтынған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz басылымына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, жылына ішімдік өндірушілерінен 11 және 50 миллиард көлеміндегі салық жиналмаған болуы мүмкін. Жыл соңында спиртті сусынды заңды өндіру балансының 20,3%-ға ауытқығаны белгілі болды. Яғни еліміздегі әрбір бесінші ішімдік заңсыз импортқа тиесілі немесе елімізде заңсыз өндіріліп жатыр.

«Сұр» судың нарықтағы жалпы құны 62,9 милиард теңгені құрайды. Мамандардың айтуынша, «сұр» сегменттің 44,6%-ы заңды зауыттарда заңсыз шығарылған. Осы акциз маркасы бар ішімдіктер үшін салық төленбей отыр.

«Сұр» нарықтың барын өзге де жанама белгілер дәлелдейді. Мысалы, ресми статистика бойынша, 2016 жылғы ішімдікті ең көп және ең аз ішетін қала арасындағы айырмашылық 21 есе. Яғни бұл Ақмола облысының тұрғындары Оңтүстік Қазақстан тұрғындарына қарағанда, 21 есе көп ішімдік тұтынады деген сөз.

Мұнымен қатар, солтүстік аймақта жаппай маскүнемдікке әкеліп соқтыратын ауру түрлері байқалмайды. Ішімдікті ең көп тұтынатын Ақмола облысының тұрғындары ауруға шалдығу тізімінде 11 орында тұр. Бұл - еліміздегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Ал Алматы облысы бұл тізімде үшінші орында.

Дереккөз: Baq.kz

27 қараша 2017, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.