Атырау, 23 желтоқсан 17:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан Наурыз мейрамында Орталық Азия елдерінің басшыларын жинауды ұсынды

1 858 рет қаралды


Қазақстан Орталық Азия елдері басшыларымен бейресми кездесу өткізу туралы бастаманы жүзеге асыратын болады. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов (суретте) айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз Орталық Азия елдері басшыларын бейресми жинау туралы бастаманы енгізу бойынша барлық көршілерімізбен бірге жұмыс жасаймыз. Көктемгі мереке - Наурыз мейрамы біздің Елбасымыздың төрағалығымен, сондай-ақ, Орталық Азия елдері көшбасшыларының қатысуымен көптен күткен кездесуді өткізуге себеп болар еді", - деді министр Әбдірахманов Астанада өтіп жатқан халықаралық парламенттік конференция барысында. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


27 қараша 2017, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.