Атырау, 19 мамыр 13:10
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстан вице-министрі: Бішкек суды өз бетімен шектей алмайды

2 540 просмотра


Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов (суретте) Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың Қырғызстанның Қазақстанға су бермей қоюының маңыздылығы туралы айтқан сөзіне комментарий берді.

Атамбаев 20 қарашада, Қырғызстан президенті ретінде өткізген қорытынды баспасөз конференциясында Қазақстан Қырғызстанға "блокада" қойғанын мәлімдеп, "Қырғызстан егер Қазақстанға су беруді шектесе, шекарадағы жағдай бірден дұрысталатынын" айтқан.

Мырзахметовтің пікірінше, Қырғызстан трансшекаралық өзендерді пайдаланудың халықаралық келісімдеріне сай су беруді бір жақты түрде тоқтатып, я шектей алмайды. "Қырғызстан бұл ережелерді сақтауы тиіс" деді Мырзахметов парламент жиынының арасында журналистер сұрағына жауап беріп тұрып.

Мырзахметов "Қазақстанның да өз есебі барын" және елдің ауыл шаруашылығы көрші елдерге тәуелді екенін де айтты. "Біз жыл сайын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді вегетация кезеңінде қажетті көлемдегі сумен қамту шараларын жасаймыз" деді министр.

Қырғызстан өткен айда "жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуіне байланысты" Қазақстанмен шекаралас Талас облысындағы Киров су қоймасынан Жамбыл облысына жоспарлы түрде су жіберген. Қазақстан билігі су жіберудің алдын ала келісілгенін мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық

24 қараша 2017, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.