Атырау, 23 желтоқсан 16:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

KASE: Доллар бағамы төмендеді

2 229 рет қаралды


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 1 доллардың орташа бағамы 330,25 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаның сайтына сілтеме жасап. 

Дүйсенбі күнгі сауда-саттыққа қарағанда доллар бағамы 1,31 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 330,1 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 330,51 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 96,2 млн долларды құраған. 

Дүйсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 331,56 теңге, күндізгі сессияда - 330,87 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 331 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 139 млн долларды құраған.

Дереккөз: ҚазАқпарат


21 қараша 2017, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.