Атырау, 23 желтоқсан 14:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Еліміздің VIP-нөмірлерден қанша пайда тапқаны белгілі болды

1 487 рет қаралды


Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко көліктердің «ерекше» нөмірлерін сату арқылы елімізге қанша табыс түскенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«3 жыл ішінде ҚР ІІМ мамандандырылған ХҚКО арқылы 15760 автокөлік нөмірін сатып, 5 миллиард 548 миллион теңге пайда тапты», - деді Божко Мәжілістің Үкімет сағатында.

Сондай-ақ, ол келесі жылы мамандандырылған ХҚКО тағы екі облыста ашылатынын мәлімдеді.

«Келесі жылы мамандандырылған ХҚКО Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында ашылады», - деді халық қалаулысы.

Дереккөз: Baq.kz

20 қараша 2017, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.