Атырау, 23 желтоқсан 14:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сот Сейтқазы Матаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырды

2 528 рет қаралды


Сот Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырды, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі оның қорғаушысы Мәдина Бакиеваға сілтеме жасап.

«Сот Сейтқазы Матаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырды», - деді М.Бакиева бейсенбіде.

Бұл ретте ол атап өткендей, сот шешімі егер наразылық болмаса 15 күнтізбелік күннен кейін заңды күшіне енеді.

Алайда М.Бакиеваның айтуынша, Сот С.Матаевты мемлекеттік, коммерциялық мекемелерде ұйымдастырушылық-таратушылық, материалдық жауапкершілікпен байланысты басқарушылық қызметті атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазадан босатпады. 

Дереккөз: ҚазТАГ

17 қараша 2017, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.