Атырау, 16 тамыз 18:57
Түнде ашық+21, таңертең +30
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 361.66  € 409.51  P 5.41

Ақтөбелік прокурор тергеу абақтысына қамамауды өтініп, көз жасын төкті

16 қараша 2017 14:48


Ақтөбе облысында 13 миллион теңге пара үшін прокурор Есентұр Қадыров қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Прокурорды қамауға алу туралы үкім 15 қарашада шықты. Айыптаушы тараптың сөзінше, 13 қарашада Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісінің көлігінде отрып, ол 40 мың доллар (13 миллион теңге) көлеміндегі параны қызметтік тұлға арқылы Бас прокуратураға ұсынған. Осы арқылы ол өзіне қатысты қылмыстық істі тоқтатуға тырысыпты.  Алайда Қадыров пара бермек болған сәтте ұсталды. Оған "Лауазымды тұлғаға делдал арқылы пара беру" айыбы тағылды.  

Сот отырысы кезінде айыпталушы тергеу абақтысына қамамауды сұрады. "Мен әділет жүйесін білемін, жасырынатын ойым жоқ, шақыртқан сайын келемін. Мен қоғамға қауіпті қылмыс жасаған жоқпын, бұлтартпау шарасын үй қамағына өзгертуді сұраймын. Кепіл ретінде жылжымайтын және жылжитын мүлігімді қоя аламын", - дейді ол.  

Айыпталушының адвокаты оны үйде кәмелетке толмаған екі баласы мен әйелі күтіп отырғанын айтқан. Қадыров сөзінің әсерін күшейткісі келіп, көз жасын да төкті. 

Алайда судьяға бұл әсер етпеді. Прокурор екі айға қамауға алынды, қылмысы дәлелденсе, ол 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

541 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қанат Бейсекеев Иранда неге қамауға алынғаны туралы айтты  272 рет қаралды

​"Бір сағатта айырылып қалдық". Алматылық менингиттен көз жұмған ұлы мен келіні жайында   570 рет қаралды

​Маңғыстауда жарылыстан зардап шеккен 2 мұнайшы Астана мен Мәскеуде көз жұмды  400 рет қаралды

Қарағандыда прокурор ұсталды  309 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6