Атырау, 25 желтоқсан 04:05
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қазақстан Үкіметінің ресми өкілі Парижден 75,8 миллион АҚШ доллары тұратын үй сатып алды

2 770 рет қаралды

Фото: Mansionglobal.com

Қазақ Үкіметінің ресми өкілі Парижден құны  75, 8 миллион АҚШ доллары (65 миллион еуро)  тұратын зәулім үй сатып алды. Сонымен қатар, бұл үй осы жылдағы ең қымбатқа бағаланған үйлердің бірі болды, - деп хабарлайды Mansion Global халықаралық жылжымайтын мүлік агенттігі.

Миллионға бағаланған зәулім үй Париждің атақты байлар қоныстанған  Golden Triangle деп аталатын ауданында орналасқан. Үйдің құны осыдан 3 ай бұрын 87,5 миллион АҚШ долларына бағаланған. Үй көлемі 1200 шаршы метрді құрайды.  Мұнда 5 жатын бөлме, 5 жуыну бөлмесі және демалу бөлмелері мен қызметкерлерге арналған бөлек бөлме бар.

Сатып алушы мен сатушының аты туралы ешқандай мәлімет жоқ, тек қана Қазақстан Үкіметінің ресми өкілі мен Ресей инвесторы деп көрсетілген.

Дереккөз: qazaqtimes.com 


14 қараша 2017, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.