Атырау, 21 қыркүйек 13:04
Кешке ашық+20, түнде +14
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 359.00  € 420.10  P 5.41

Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 83 пайызға жеткіземіз – Дәурен Абаев

14 қараша 2017 11:28


Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 2022 жылға қарай 83 пайызға жеткізу, яғни 2017 жылғы көрсеткіштен 7,5 пайызға өсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жол картасының 17-ші тармағына сәйкес, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру шараларын қарастырды. Осының нәтижесінде сауаттылық деңгейін 2022 жылға қарай 83 пайызға жеткізу, яғни 2017 жылғы көрсеткіштен 7,5 пайызға өсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» аясында жергілікті атқарушы органдарды оқытатын кәсіби кадрлар санын арттыру да қамтылған. Цифрлық білім бүгінгі күні барлық салада сұранысқа ие екенін ескеретін болсақ, халықтың осы бағыттағы білімін ұлғайту аса маңызды екені анық. Алайда, жүргізілген сауалнама қорытындысына сәйкес, биылғы жылы компьютерлік сауаттылыққа оқыту еліміздің тек 7 аймағында жүргізілген. Жалпы, 84 мың адам оқытылған. Жыл соңына дейін жоспарға сәйкес тағы 12 мың азамат білім алуы тиіс», - деді Абаев.

Министрдің айтуынша, жергілікті атқарушы органдар адамдарды ескі бағдарлама бойынша оқытып жатыр. Сондықтан, мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті атқарушы органдар алдында адами капиталды дамыту бағыты бойынша халықты цифрлық білімнің базалық курсынан өткізу міндеті тұр.

«Министрлік өз кезегінде осыны іске асыру үшін бірыңғай әдістеме әзірлеуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бұйрық келісу үшін Әділет министрлігінде қаралып жатыр», - деп түйіндеді сөзін Дәурен Абаев.

Дереккөз: Baq.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

476 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Дәурен Абаев «ақылды қала» жобаларын таныстырды  196 рет қаралды

Қытайдан қорқудың себебі ол елді мүлдем білмеуде жатыр – Абаев  243 рет қаралды

​Елімізде 2025 жылға қарай аз қамтылған азаматтардың табысын арттыру жоспарланды  394 рет қаралды

Сағынтаев қымбат көлік мінетін әкімдерге шүйлікті  329 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6