Атырау, 23 желтоқсан 12:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

СІМ Сирияда құтқарылған қазақстандық балалардың елге қашан жеткізілетінін айтты

2 064 рет қаралды

Фото: Sputniknews.kz

Сирияның соғыс болып жатқан аймақтарынан құтқарылған қазақстандық әйел мен оның балалары көп ұзамай елге жеткізіледі, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

"Олардың арасында Қазақстан азаматтары бар. Орал қаласының 1988 жылы туған тұрғыны төрт баласымен Сириядан жеткізілді. Балалардың үлкені бес жаста, кішісінің туғанына бірнеше ай ғана болған. Олар Қазақстан азаматтары", — деді Жайнақов БАҚ өкілдеріне. 

Грозный әуежайында оларды Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қызметкерлері қарсы алған. Көп ұзамай қазақстандықтар елге жеткізіледі. 

"Біз ресейлік тарап пен Шешен Республикасының басшылығына алғысымызды білдіреміз", — деді Жайнақов. 

Дереккөз: Sputniknews.kz 

14 қараша 2017, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.