Атырау, 23 желтоқсан 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Шетелдіктер Астанада "Бораттың киімімен" суретке түсті

1 713 рет қаралды


Чехия азаматтары "Борат" фильмінің бас кейіпкерінің киімін киіп алып, Астанада бейәдеп суреттерге түсті. Бұл ақпараттың қаланың ішкі істер департаменті растаған.

"10 қарашада Астана полициясы Чех Республикасы азаматтарына қатысты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған, олар қоғамдық орында жартылай жалаңаш күйінде ұсталған", — деп мәлімет берді елорда ІІД.

Алты шетелдік күзгі салқын ауа райына қарамастан, жасыл суға түсетін киімді киіп алып, I love Astana жазуының қасында суретке түсуді жөн көріпті.

Істің материалдары әрі қарай шешім шығару үшін Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Дереккөз: Sputniknews.kz 


14 қараша 2017, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.