Атырау, 28 қараша 00:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстандық туроператорлар клиенттерін өзі сақтандыратын болады

1 709 просмотра


Қазақстандық туристік агенттіктермен операторлар турпакет аясында өзінің клиенттерін сақтандыратын болады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жана Құрманов мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Туристік операторлар мен агенттіктердің қазіргі уақыттағы тәжірибелері туристеріміздің қорғалмағанын көрсетіп отыр. Демек, турист Қазақстанға қайтып келіп, алдымен сотта туристік операторлардың (немесе турагенттіктің) жауапкершілігі барын дәлелдеп бағатын. Бұл турист үшін өте күрделі жұмыс. Себебі заңнамада туроператорлардың нақты қандай жауапкершілігі бары, ол қалайша жауапты болатыны жазылмаған. Сонымен бірге, турист бұл мәселемен Қазақстанға қайтып келгенде ғана айналыса алатын. Демек, турист шетелде толық қорғалмаған», - дейді Жанат Құрманов. 

Оның айтуынша, заң жобасы іске асса шетелге шығатын туристер басқа компаниялардан сақтандыруды сатып алмайтын болады. «Туристік операторларға  өзінің турпакеті аясында шетелге шыққан адамды сақтандыру керектігі туралы талап қойып отырмыз. Бұл сақтандыруды алу оңай болады. Демек, туриске жеке сақтандыруды сатып алу қажеттілігі туындамайды», - дейді ол. 

Жанат Құрманов қазақстандық туристерді қорғау мақсатында заң жобасында шетелге шығатын туристің өзінің мүліктік мүдделерін міндетті сақтандыруға өту көзделіп отырғанын айтады. «Бағдарламалар халықаралық талаптарға сай келеді. Оған туристің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге (жазатайым оқиға, шұғыл жәрдем, репатриация) байланысты негізгі әлеуметтік тәуекелдер кіреді», - дейді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат


13 қараша 2017, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.