
Алматылық «Қайрат» командасының шабуылшысы ивуарлық Жерар Гоу командадан кететінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шешімі туралы ол өзінің инстаграм парақшасына жазған екен.
«Мен барлығына алғысымды білдіргім келеді. Мен сіздерді жақсы көремін. Сіздер мені өздеріңіздей қабылдадыңыздар. Футболды жақсы көретін баршаларыңызға рахмет. Қазақстан футбол клубына рахмет. Барлық жағдайда қолдау көрсеткен «Қайраттың» барша жаңкүйеріне алғыс айтқым келеді. Әріптестеріме ынтымақтастық үшін рахмет айтамын. Қазақстандық футболдың деңгейін көтеру үшін бірге жұмыс істедік. Мен «Қайратты» ешқашан ұмытпаймын. Әсіресе өз ұлындай қабылдап, ойнауға және өзімді көрсетуге мүмкіндік берген клубтың президентіне алғысымды айтамын. Мен енді «Қайрат» екеуіміздің жолымыз екі бөлек кетеді демекпін. Қазақстандық футболға қуаныш сыйлау үшін қайта оралмақпын. Сіздерді жақсы көремін. Алға, «Қайрат»», - деп жазды Гоу.
Дереккөз: Baq.kz
В Атырау 0