Атырау, 23 желтоқсан 12:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ҚазМұнайГаз өзіне тиесілі әуе компанияны сатты

2 032 рет қаралды

Фото: tourweek.ru

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы Қазақстан қор биржасына 10 пайыздан аса акцияларына иелік ететінін ұйымдардың тізімі өзгергенін хабарлады. Хабарламаға сәйкес, мұнай компаниясы енді "Еуро-Азия Эйр" әуе компаниясының акцияларына иелік етпейді.  

Бұдан бұрын 2016 жылдың жазында ұлттық компания "Еуро-Азия Эйр" әуе компаниясы" АҚ-ның 100 пайыз акцияларын саудаға қойғанын хабарлаған. "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС ақпараты бойынша активтердің алғашқы бағасы 15,5 млрд теңгеден басталған. 

"Еуро-Азия Эйр" Астана қаласының Есіл ауданында тіркелген. Компанияның негізгі қызметі - пайдалы қазба орындарын игеру және дамыту бойынша рейстерді жүзеге асыру және заңды, жеке тұлғаларға әуе тасымалдары арқылы қызмет көрсету. "Еуро-Азия Эйр" -  тікұшақ операциялары мен жолаушылар тасымалы бойынша маманданған ірі компаниялардың бірі. 

Әуе компаниясының паркінде 20 әуе кемесі бар, оның : 

- 12-сі Mи-8T тікұшағы (РФ); 

- 2-уі AS-365N3 үлгісіндегі  тікұшақ (Франция); 

- 2-уі Challenger-850 және Challenger-870 ұшағы (Канада); 

- 4-уі Augusta Westland-139 (Италия) үлгісіндегі  тікұшақ.

Дереккөз: qazaqtimes.com


10 қараша 2017, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.