Атырау, 3 мамыр 18:50
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Бішкек Астанаға қарсы ақпараттық соғыс жариялады – сарапшы

1 640 просмотра

Фото: "Атамекен" ҰКП

Қырғызстандық троллдар әлеуметтік желілердегі фейк аккаунттар арқылы Қазақстандағы қоғамдық пікірді қалыптастыруға тырысып жатыр. Atameken Business Channel бақылау кеңесінің төрағасы Қанат Сахариянов (суретте) осындай пікір білдірді. 

"Біздің елде Қырғызстанмен ақпараттық соғыс басталды. Қырғызстан тарапынан да, шын мәнінде, кәсіби боттар, проллдар мен фейктер жұмыс істеп жатыр", — деді Сахариянов.

Сарапшының айтуынша, президент Алмазбек Атамбаевтың "Қазақстанға қарсы" сөзін қолдаған постар лайк пен пікірді өте жылдам жинайды. 

Қаната Сахариянов желіде қос елдің қарым-қатынасына қатысты пікір білдіру методикасына талдау жүргізіп көргенін айтады.   

"Желі қолданушыларының аккаунтына кіріп, ол кімге, оған кім тіркелгенін, не жазғанын көруге болады. Сонда байқағаным, өздерін Ресей, Украина, Әзербайжан, Қырғызстан, тіпті Араб Әмірліктері мен Иран азаматы етіп көрсетіп, пікір қалдырғандар бар екен. Олар Атамбаевтың сөзін жақтаған. Әрқайсының жалған 20 аккаунты бар. Өкініштісі, олардың сөзіне иланып қалып жатқандар бар", — деп түйіндеді ол.  

Дереккөз: Sputniknews.kz 

9 қараша 2017, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.