Атырау, 23 желтоқсан 12:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ОҚО-да жаңа туған нәрестесін өлтіріп, қоқыс жәшігіне тастаған әйел ұсталды

3 307 рет қаралды

Фото: Yvision.kz

Шымкентте жаңа туған нәрестесін өлтірген әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Жаңа туған шарананың мәйіті осы  жылдың 20 қазан күні қоқыс жәшігінен табылған болатын. Аталған жайт бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша іс қозғап, күдікті әйелді іздестірген еді. Іздеу шараларына облыстық ІІД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Нәтижесінде сезікті әйел ұсталып, оның Астана қаласының 26 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қылмыс жасаған келіншек сол Астана қаласынан табылды. 

Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындап, не себепті тастағанын айтқан. Алайда ішкі істер қызметкерлері оның жауабын ашып айтпай отыр.  Қазіргі таңда полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сезікті әйел  жақын күндері Шымкент қаласына жеткізетін болады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат


9 қараша 2017, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.