Атырау, 3 мамыр 17:30
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Өңірлерді дамытуға арналған бюджет шығыстары артады - Қаржы министрлігі

2 377 просмотра


ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Бюджет параметрлерін нақтылау макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын түзету, сондай-ақ 9 ай бойынша бюджетті іске асыру қорытындысына сәйкес қалыптастырылды. Республикалық бюджет түсімдері 62,9 млрд теңгеге өсе отырып, 9 трлн 691,5 млрд теңгені құрады. Олардың ішінде мұнайлық емес түсімдер жоспарға қарағанда 77,9 млрд теңгеге өсті. Ол экономика мен іс жүзіндегі салықтық түсімдердің өсу қарқыны есебінен болды. Мұнай түсімдері 14,9 млрд теңгеге төмендейді. Республикалық бюджет шығыстары 2017 жылға 11 трлн 177,4 млрд теңгені құрады. Бұл ретте шығыс бөлігінің ішкі өзгерістері нәтижесінде ағымдағы шығыстар 3 млрд теңгеге төмендейді, өз кезегінде дамуға арналған шығыстар 4 млрд теңгеге ұлғаяды деп жоспарланып отыр. Әлеуметтік шығыстар блогы 10,4 млрд теңгеге төмендей отырып, 3 688 млрд. теңгені құрайды, ол негізінен әлеуметтік қызметтер алушылар контингентінің нақтылануы есебінен», - деп түсіндірді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. 

Белгілі болғандай, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған шығыстар 2017 жылы 2,6 млрд теңгеге ұлғая отырып, 160,4 млрд теңге құрайды, ол Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрімен қамтамасыз ету және медициналық көмек бойынша қажеттіліктің ұлғаюы есебінен болды. Нақты сектор шығыстары биыл 1 трлн 918,9 млрд теңгені құрайды. 

«Нұрлы жол» бағдарламасына 455,3 млрд теңге бағытталатын болады, оның ішінде 309 млрд теңге көлік инфрақұрылымын дамытуға және 130,6 млрд теңге білім беру, инженерлік-коммуникациялық және индустриалды инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. 

«Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға ағымдағы жылғы шығыстар 127,6 млрд теңге құрайды, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 25 млрд теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 80,9 млрд теңге, экономиканы ынталандырудың қаржылық құралдарына 2 млрд теңге қарастырылған. 

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша 2017 жылға арналған шығыстар 4,4 млрд теңгеге ұлғая отырып, 122,1 млрд теңге құрайды. Негізгі өсім «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша қамтамасыз етілген. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына шығыстар 2017 жылы 11,8 млрд теңгеге артып, 241,1 млрд. теңге сомасында көзделеді. 

Өз кезегінде Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Руслан Дәленов мұнайдың орташа бағасы бір барреліне 50 АҚШ доллары деңгейінде нақтыланғанын атап өтті. «Жылдың басынан бастап экономикалық белсенділіктің жақсарғаны байқалады, жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 3,4 пайыз деңгейінде күтіледі», - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

9 қараша 2017, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.