Атырау, 6 мамыр 06:06
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының ісі сотқа жіберілді

2 453 просмотра

Еркін Ізбасар

"Ағайынды төртеу" ұйымдасқан қылмыстық тобы мүшесінің ісі сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаевқа сілтеме жасап.  

"Ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Еркін Ізбасар мен тағы басқа мүшелеріне қатысты қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді", - деп жазды Жасұлан Дәулембаев Facebook желісіндегі парақшасында.  Бұл тұлғаларға ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабының 4-бөлігі 1,2-тармақтары ("Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу") және 262-бабының 2-бөлігі ("Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") бойынша күдік келіп отыр.

Қылмыстық іс бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Антикоррупциялық қызмет және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облыстық прокуратурасының процессуалды прокурорларының жетекшілігімен жедел тергеу тобы құрылған.  

Еске сала кетейік, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді. Ал кейінірек мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


7 қараша 2017, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.