Атырау, 3 ақпан 15:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59

NBA жұлдыздары Астанада баскетбол жобасын бастады

2 396 рет қаралды

Фото: АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі

Американың Ұлттық баскетбол қауымдастығы (NBA) Юниор лигасы Қазақстанның Ұлттық баскетбол федерациясы және Қазақстандағы АҚШ елшілігімен ынтымақтаса отырып, Junior NBA 2017-2018 юниор лигасының басталғанын жариялады.

Жарыстар 10-12 жастағы ұл-қыздар командаларының арасында өтеді. Лигада екі турнир бар, Астана және Алматы қалаларында (әр қалада 30 команда: 15 қыздар командасы және 15 ұлдар командасы). Әр турнир дивизондық кезең, конференциялар кезеңі және төрттік финалдан тұрады. 

Драфт рәсімін өткізу үшін АҚШ елшілігінің қолдауымен Қазақстанға екі баскетболшы келді – NBA ойыншысы Владимир Радманович мен WNBA ойыншысы Тадж Макуильямс-Франклин. 

Junior NBA басты ерекшелігі — бұл турнирде әрбір балалар командасы шынайы NBA  клубына сай келеді әрі алаңға сол команданың лицензиялық формасын киіп шығады.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

7 қараша 2017, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.