Атырау, 23 желтоқсан 11:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Астанада арандатушылық мәндегі сөздің авторына қатысты сот үкімі шықты

2 660 рет қаралды


Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында қаладағы аялдамалардың бірінде арандатушылық мәндегі сөзді жазып кеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында Р.Г.Гайсинге қатысты сот үкімі шықты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған алкологизмнен ем алу белгіленді. Ер адам сот залында кінәсін мойындады", - деп хабарлады соттағылар. 

Соттың мәліметінше, ер адам Астанадағы Победа даңғылында орналасқан аялдамада өз қолымен плакат-баннерде арандатушылық мәндегі сөз жазып кеткен. "Осылайша сотталушы ұлттық араздықты қоздыру мақсатында қасақана әрекет жасады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Астана аялдамасында "қазақтарды итше қыру керек" деген арандатушылық сөз жазған ер адам мәлімдеме жасаған болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz


7 қараша 2017, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.