Атырау, 5 наурыз 03:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42

Келесі жылы Қазақстаннан бірнеше халықаралық рейс ашылады

2 295 рет қаралды


2018 жылы Астана - Вильнюс, Алматы - Рига, Астана - Бухарест жаңа әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«ТрансЕуразия-2017» Х халықаралық конференция аясында Азаматтық авиация комитеті жаңа әуе тасымалдарын ашуға байланысты бірнеше кездесу өткізді. Атап айтқанда, SCAT отандық әуе компаниясы 2018 жылдың мамыр айында Астана – Вильнюс бағытында халықаралық рейсін ашуды жоспарлап отыр», - деп жазды комитеттің Facebook-тегі ресми парақшасы.

Сондай-ақ, Рига - Алматы, Астана - Бухарест бағытына да рейс ашылуы мүмкін.

«Сондай-ақ, Air Baltic (Латвия) әуе компаниясы Рига – Алматы бағытына рейс ашуды жоспарлап отыр. Румыния елшілігінің ақпаратына сәйкес, «Таром» әуе тасымалдаушысы Астана-Бухарест рейсін ашуы мүмкін», - деп жазды Азаматтық авиация комитеті.

Дереккөз: Baq.kz

6 қараша 2017, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.