Атырау, 23 желтоқсан 11:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

"Астана" қатарынан төртінші рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды

2 350 рет қаралды

Фото: ФК "Астана"

"Астана" футбол клубы жексенбі қатарынан төртінші рет ұлттық чемпионатта жеңіске жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Қазақстандық премьер-лиганың соңғы 33-ші турында "Астана" оралдық "Ақжайықты" 2:0 есебімен жеңді. Екі рет те допты қарсыластарының қақпасына шабуылшы Жуниор Кабананга екінші таймда соқты. 

Нәтижесінде "Астана" алматылық "Қайраттан" басымдығын сақтап қалды. Осылайша, елордалық клуб өз тарихында төртінші рет ұлттық біріншіліктің алтынын жеңіп алды, қазақстандық клубтардың ішінде алғашқы болып қатарынан төртінші рет чемпион атанды. 

Әлбетте, "Астананың" бұл жетістіктері 2014 жылы клубқа келген болгарлық маман Станимир Стойловпен тығыз байланысты. Чемпионаттағы төрт жеңістен бөлек, Стойловтың жетекшілігімен елордалық клуб  2016 жылы Қазақстан кубогында және 2015 жылы суперкубокта озық шықты. 

Дереккөз: Sputnik 

6 қараша 2017, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.