Атырау, 2 мамыр 05:46
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Тоқаев: ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғамның ұсыныстарын ескеруі қажет

1 756 просмотра


Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет, деп есептейді парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. 

"Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет", — деп жазады сенат төрағасы твиттердегі жеке парақшасында

Оның пікірінше, Елбасы айтқандай, латын әліпбиін қолданысқа енгізуді кезең-кезеңімен іске асырған жөн.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 27 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.

Енді үкімет қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрып, қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етеді. 

Дереккөз: Sputniknews.kz 

6 қараша 2017, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.