Атырау, 27 қаңтар 09:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.79
€ 595.07
₽ 6.56

ҚР футбол федерациясы логотипі мен атауын өзгертті

4 452 рет қаралды


Астанада Қазақстан футбол федерациясы өз логотипі мен атауын өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

ҚР футбол федерациясының XV Конференциясында ұйым атауын өзгерту туралы шешім қабылдаған. Енді ұйым аты - Қазақстан футбол федерациясы, ал қысқаша атауы - ҚФФ. Осыған қоса Қазақстан футбол федерациясының логотипі де өзгеріске ұшырады. Енді ол замануи әрі жинақы. Федерацияның тек атауы қатты өзгерді. Логотиптегі толық атау ҚФФ-ға ауысты. Осылайша ол көзге ерекше көрінеді және оны халықаралық деңгейде қолдануға да ыңғайлы. 

Федерацияның баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, фирмалық түстер мен негізгі элементтер өзгеріссіз қалды: бүркіт (еркіндік пен тәуелсіздіктің белгісі), доп (футбол) және күн (болашаққа деген шуақты әрі сенімді көзқарас). Жаңа фирмалық стильге ауысу 2017 жылдың соңына дейін жүреді.

Дереккөз: ҚазАқпарат


5 қараша 2017, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.