Атырау, 2 мамыр 11:26
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Сағынтаев ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысында Қырғызстан премьер-министрі Исаковтың мәлімдемесіне жауап берді

2 397 просмотра

Фото: primeminister.kz

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үкіметтері басшылары кеңесінің отырысында Қырғызстан Республикасының премьер-министрі С. Исаков отырыстың күн тәртібіне енбеген қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды Baq.kz.

Көтерілген мәселеге байланысты ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Үкіметінің ұстанымын түсіндірді.

«Қазақстан Үкіметі қырғызстандық тараптың айтқанын дұрыс деп есептемейді. Бұл мәселеге қатысты біздің еліміздің ұстанымы белгілі. Ол толығымен Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің экономикалық кеңістігінде жалпы идеологияның қалыптасуына сәйкес келеді және экономикалық тәуекелдерді азайтуды, Одаққа қатысушы елдердің экономикалық шығынын азайтуды көздейді.

Біз Қырғызстан Үкіметін өз міндеттемелерін растауға, Қырғызстанның ЕАЭО аясындағы өз міндеттемелерін орындауға және қолдануға шақырамыз. Бұл туралы ашық айтамыз және қырғызстандық әріптестеріміздің естігенін қалаймыз, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Қазақстан Үкіметі қырғызстандық тараптың ұстанымын бес бағыт бойынша есепке алады:

Біріншіден, салықтық әкімшіліктендіру бойынша Қырғызстан ұлттық заңнама нормаларын ЕАЭО құқығымен сәйкестендіруі қажет.

Екіншіден, заңсыз экспортқа, оның ішінде контрафактілік өнімдердің экспортына қарсы әрекет ету.

Үшіншіден, қырғыз тарапынан ЕАЭО талаптарын сақтау үшін тауарларды тиімді ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық (карантиндік) бақылау.

Төртіншіден, Қырғызстан тарапы Экономикалық одаққа мүше елдердің көліктік заңнамасын бұзудың алдын алу және ескерту бойынша шара қабылдауы тиіс.

Бесіншіден, контрабанда мен қазақ-қырғыз шекарасы арқылы есірткі заттарын, қару-жарақ, оқ-дәрі және басқа да тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдауға жол бермеу.

Дереккөз: Baq.kz

3 қараша 2017, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.