Атырау, 23 желтоқсан 11:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Астанада наркоорталықта ер адамды өлгенше сабағандарға қатысты сот үкімі шықты

2 711 рет қаралды


Астанадағы Наркология және психотерапия орталығында соққыға жығылып өлтірілген 29 жастағы Николай Кривенкоға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сот үкімін Астананың Алматы аудандық сотының судьясы Убайдулла Қошанов шығарды. 

Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған полицияның патрульдік қызметінің сержанты Берік Мырзабеков 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ал Наркология орталығының фельдшері Саят Сатын мен осы мекеменің тағы екі қызметкері - Фархат Камбетов пен Сұңғат Темірғалиевті ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") айыпты деп танып, әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сондай-ақ, сот сотталушылардан қаза болған ер адамның отбасына материалдық және моральдық шығын ретінде 1 038 280 теңге және  1,5 миллионов теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


3 қараша 2017, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.