Атырау, 22 желтоқсан 12:16
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сирия бойынша келесі кездесу Астанада жаңа жыл қарсаңында өтеді

2 009 рет қаралды

Фото: Sputniknews.kz

Сирия бойынша келесі кездесу Астанада желтоқсанның екінші жартысында өтеді, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. 

Астанада 30-31 қазанда Сирия бойынша жетінші кездесу өтті. Министр жалпы отырыста  кепілгер мемлекеттер – Иран, Ресей және Түркияның келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемесін оқып берді. 

"Сирия бойынша келесі жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу Астанада 2017 жылғы желтоқсанның екінші жартысында өтеді", — деп оқыды мәлімдемені Әбдірахманов. 

Келіссөздерге қатысушылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қазақстандық билікке Сирия қақтығысын реттеуге арналған жетінші кездесуді өткізгені үшін алғыстарын жеткізді. 

Дереккөз: Sputniknews.kz 

1 қараша 2017, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.