Атырау, 23 желтоқсан 09:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Назарбаев Астана процесі делегацияларымен кездеседі

1 360 рет қаралды


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Сирия бойынша келіссөздердің жетінші раундына қатысып жатқан кепіл елдердің делегацияларымен кездеседі. Бұл туралы РИА Новости-ге РФ президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев мәлімдеді.

«Иә, мұндай кездесу жоспарланып отыр», - деген Лаврентьев оған кепіл елдердің делегациялары қатысатынын нақтылады.

Астанада дүйсенбі күні Сирия бойынша келіссөздердің жетінші раунды басталды. Бүгін, яғни келіссөздердің соңғы күні жалпы отырыс өтеді. Жиын жергілікті уақытпен 18:00-ге жоспарланған.

РИА Новости ақпаратынша, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу жалпы отырысқа дейін, бірақ келіссөз қатысушыларының арасындағы екіжақты және үшжақты кездесулерден (16.00) кейін өтеді.

Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі келіссөздер «Астана» алаңында қаңтардан бері өтіп келеді. Бүгінге дейін кездесулердің алты раунды өтті: қаңтар, ақпан, наурыз, мамыр, шілде және қыркүйек айларында.

Алайда Назарбаев Астана процесінің қатысушыларымен алғаш рет жеке кездеспекші.

Дереккөз: Вaq.kz 

31 қазан 2017, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.