Атырау, 23 желтоқсан 09:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы латын әліпбиінде басылып шықты

2 545 рет қаралды

Фото: Sputnik

Нұрсұлтан Назарбаевтың "Жылдар мен ойлар" кітабы латын әліпбиінде жарық көрді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгін ұлттық академиялық кітапханада латын әліпбиі залы ашылды. Бұл залда 1929-1940 жылдары жарық көрген латын графикасы негізіндегі қазақстандық кітаптар мен мерзімді басылымдардың көрмесі және тақырыптық жаңартылған нұсқалары қойылған.  Орталықта латын қарпіндегі ұлттық әліпби оқытылып, семинар-тренингтер, оқу курстары, лингвист ғалымдардың онлайн кеңестері өтеді. 

Орталықтың ашылу салтанатында Нұрсұлтан Назарбаевтың латын қарпінде басылып шыққан кітабының тұсаукесері өтті. Кітап әзірге бір данамен жарыққа шықты. 

Кітапты Астанадағы №40 мектептің оқушылары оқып көрді. Олар апострофпен жазылған кейбір сөздерді оқуға қиналса да, бір айдың ішінде меңгеріп аламыз дейді. 

"Бұл қазіргі заман талабы. Ұлттық кітапхана президенттің саясатын насихаттауды көздейді. Латын графикасында жазылған мәтіндер, құжаттар біздің оқырмандарымызға көмектеседі, біз барлық сұрақтарға онлайн түрінде жауап беруге де дайынбыз", — деді ұлттық кітапхананың директоры Үмітхан Мұңалбаева.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

30 қазан 2017, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.