
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының ресми сайтында (International Air Transport Association, IATA, ИАТА) Астана қаласының жаңа әуежайының атауы көрсетілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен жүргізген жұмыстарының нәтижесінде қауымдастықтың ресми сайтында Астана қаласының жаңа әуежайының атауы - «Nursultan Nazarbayev» көрсетілген. Алдағы уақытта Астанадан ұшатын бағыттағы әуе билеттерінде «Nursultan Nazarbayev» әуежайының атауы көрсетілетін болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
В Атырау +2