Атырау, 23 желтоқсан 07:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қанат Ислам Мэнни Пакьяомен жекпе-жек өткізуге дайын – Берік Сұлтан

3 582 рет қаралды


Қазақ боксшысы Қанат Ислам филиппиндік Мэнни Пакьяомен жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қанат Исламның менеджері Берік Сұлтанның айтуынша, қазақстандық боксшы соңғы он жылдағы ең мықты боксшылардың бірімен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

«Пакьяоның командасы дайын болса, QAZAQ командасы дайын. 22 наурыз күні Алматы қаласындағы «Almaty arena» спорт кешенінде бокс жанкүйерлері үшін үлкен шоу жасауға біз сақадай саймыз. Пакменнің командасы келіссе болды», - деп жазды ол инстаграмдағы парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Ислам соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек күні Астанада өткізіп, канадалық Брэндон Кукті (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен ұтты. 

Дереккөз: Baq.kz

27 қазан 2017, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.