Атырау, 23 желтоқсан 07:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматылықтың жеке мәліметтерін жария еткен ХҚКО қызметкері жұмыстан қуылды

1 557 рет қаралды


Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері консалтинг компаниясының өкіліне сенімхатсыз анықтама беріп, заңды бұзған. «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі Анна Дмитриевичтің жеке мәліметтері жария етілгенін мойындады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбаға қатысты айтарымыз, расымен пост авторының атына жылжымайтын мүлік және мекенжай анықтамасы берілген. Бұл жағдайда ХҚКО қызметкері консалтинг компаниясының өкіліне анықтаманы сенімхатсыз берген. Әрине, бұл үлкен заңбұзушылық, сондықтан бұған жол берген қызметкер жұмыстан шығарылады», - деп жазылған мемлекеттік корпорация таратқан хабарламада.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Анна Дмитриевичтен ресми түрде кешірім сұрап, бұл оқиғаны жария еткені үшін алғыс айтты.

Дереккөз: Baq.kz

26 қазан 2017, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.