Атырау, 11 мамыр 19:43
 бұлттыВ Атырау +15
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Криптовалютаға инвестиция салуға асықпас едім- Halyk bank басшысы

1 486 просмотра


Halyk bank  басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова криптовалютаға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі. 

«Бүгінде криптовалюта деген технология шыға бастады. Оған қатысты айтарым, криптовалютаға ақша салғандар тым қауіпті тәуекелге барып отыр. Менің білуімше, криптовалюталар Қазақстанда ешқандай тетіктермен реттелмейді. Оған тыйым салынуы мүмкін. Мен оны МММ-мен салыстырар едім. Криптовалюталар да ешқандай активпен кепілдендірілмеген. Оны сатып алғандар бәрін жоғалтуы мүмкін. Оған салған 9 адамның 8-і ақшасын жоғалтады. Сондықтан, халыққа криптовалютаға инвестиция салудан бас тартыңыздар деп айтар едім», - деді Үміт Шаяхметова. 

Halyk bank төрайымы сенімді қаржылық құралдарға ғана ақша салуға кеңес береді. Айта кету керек, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев криптовалюта деген не екенін түсінбейтінін айтқан болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат


25 қазан 2017, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.