Атырау, 11 мамыр 11:36
 ашықВ Атырау +20
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Қазақстан ресейлік тікұшақтарды құрастырмақ

1 908 просмотра

Фото: kak-eto-sdelano.livejournal.com

Қазақстандағы №405 авиациялық зауыты ресейлік тікұшақтарды құрастыруды жоспарлап отыр. Мұндай мәлімдемені "Вертолетов России" холдингінің баспасөз қызметі таратқан. 

Ұйымның мәліметінше, тікұшақ құрастыру туралы меморандумға "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы мен  "Вертолетов России" арасында қол қойылған. Құжат Қазақстанда Mи-8AMT / Mи-171 тікұшақтарын құрастыруды және тікұшақ циклының жүйесін ұйымдастыру мүмкіндігін, сондай-ақ 2025 жылға дейін 45 тікұшақ жеткізуді қарастырады. 

"Қазақстандық әріптестеріміз бізге 2017-2025 жылдар аралығында өз аумағында тікұшақтарды құрастыру өндірісін құру туралы бастамасын айтты. Бұл бойынша біз  барлық мүмкіндіктерді қарастырдық", - дейді "Вертолеты России" холдингінің бас директоры Андрей Богинский. 

Сондай-ақ, осы жылдың аяғына дейін тараптар алғашқы құрастырылған үш тікұшақты жеткізу туралы келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр, ал келесі жылдың басында құрастырылған тікұшақтарды кезең-кезеңімен жеткізу келісімі жасалады. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 

24 қазан 2017, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.