Атырау, 26 сәуір 13:32
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Шпекбаев: Коррупцияға іліккен шенеуніктерден 5 миллиард теңге өндірілді

2 544 просмотра

ЖСДП саяси бюросы президиумының төрағасы Зәуреш Батталова (оң жақта), Коррупция,а қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары Алик Шпекбаев ЖСДП жиынында отыр. Астана, 24 қазан 2017 жыл

Соңғы бірнеше жылда жемқорлықпен ұсталған ірі шенеуніктер мемлекетке бес миллиард теңгеге жуық қаражат қайтарды деп мәлімдеді Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары Алик Шпекбаев. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы ол Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) ұйымдастырған коррупцияға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде айтты. "Коррупция - әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің басты факторы" деп аталатын шараға үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, заңгерлер мен сарапшылар қатысты.

Шпекбаевтың мәліметі бойынша, былтыр жемқорлықпен күрес шарасы аясында екі жүз алпысқа жуық қылмыстық топ анықталған. Ал, тіркелген қылмыстардың ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы жемқорлық алдыңғы орында тұр. Бұл сала жемқорлық ісі бойынша тіркелген істердің он екі пайызын құрайды.

Азаттық тілшісі Алик Шпекбаевтан "Коррупциялық қылмыспен ұсталды деген ақпараттың көбеюі құзырлы органдардың коррупцияға қарсы қызметін күшейткенінің әсері ме, әлде коррупциялық қылмыстар шынымен көбейгенін көрсете ме?" деп сұраған.

Коррупцияға қарсы бюро басшысының орынбасары сұраққа жемқорлық фактілерін тіркеу мемлекеттік органдар қызметінің "ашықтығының арқасында" көбейіп жатқанымен, адамдар коррупция туралы ашық айта бастағанымен, сенім телефондары жұмыс істейтінімен" байланыстырып жауап берді.

ЖСДП саяси бюросы президиумының төрағасы, саясаткер Зәуреш Батталова жиында қазір жемқорлықтың тұрмыстық-әлеуметтік және саяси болып бөлінетін екі түрі барын айтты. Оның пікірінше, саяси жемқорлықты жоюға "билік мүдделі болуы тиіс".

Дереккөз: Азаттық

24 қазан 2017, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.