Атырау, 10 қазан 14:58
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

«Жедел жәрдем» қайда жүр?

2 110 просмотра

Облыстық әкімдікте өткен мәжілісте облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ денсаулық сақтау министрі мен облыс әкімі блогындағы шағымдардың 50% қысқарғандығын мәлімдеді.

Алайда, мұның  жұмысына шағым көп түсетін «жедел жәрдемге» қатысы жоқ. ҚР ДМ медициналық және фармацевтік қызметті бақылау комитеті департаментінің бастығы Мұрат ҚҰЛБАСОВТЫҢ айтуынша, департаментке көбіне егде жастағы адамдар өздеріне «жедел жәрдем» қызметкерлерінің келуден бас тартатындығына жиі шағымданады. Адамдар, сондай-ақ, оларды 2 сағаттан аса уақыт бойы күтуге тура келетінін де мәлімдеп отыр. «Жедел жәрдем» жүргізушісінің спутниктік навигаторды айырып тастаған және соның салдарынан стансаның машинаның қайда жүргендігін анықтай алмаған жағдайдың орын алу фактілері де анықталған.

Меңдіхан Өтепқалиев мұндай шағымдарды жоққа шығара қоймады, тіпті, өткен жылғы жұмыс барысынан цифрлар келтіре кетті: Атырауда өз уақытында медициналық көмек көрсетілмеген жағдайлар көрсеткіші республикалық көрсеткіштен 3 есе жоғары. Сондай-ақ, ол орын алып отырған проблемаларды да тілге тиек етті. Облыс орталығында норматив бойынша 25 медициналық бригада жұмыс істеуге тиісті болғанымен, бізде тек 13-і ғана жұмыс жасайды. Әдеттегі бригадалардан басқа, міндетті түрде кардиология, жансақтау және психиатрия бойынша мамандандырылған 6 бригада жасақтаулы тиіс. Ол үшін Өтепқалиев облыстық бюджеттен 160 млн теңге сұрады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

18 сәуір 2012, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.