Атырау, 11 мамыр 14:41
 ашықВ Атырау +16
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Жақиянов Барнеттен жеңіліп, чемпиондық атағынан айырылды

Бейнежазба
1 787 просмотра


SSE аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шыққан боксшылар 12 раунд бойы жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz 

Жеңіл салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов WBA (Super) нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғай алмады. Белфастта өткен бокс кешінде отандасымыз Райан Барнеттен төрешілер шешімі бойынша жеңілді. Есеп: 118-110, 119-109 и 116-112. 

Жақиянов жекпе-жекті ширақ бастады. Төртінші раундтан бастап Райанның да басымдығы байқала бастады. Боксшылар жақын қашықтықта жұдырықтасып, соққы алмасумен болды. Қайсыбіріне басымдық беру оңай көрінбеді. Соңғы раундтар да тартысты өтіп, екеуі де жеңілгенін мойындаған жоқ. Дегенмен төрешілер шешімі бойынша шаршы алаң иесі жеңімпаз атанды. 

Жанат Жақиянов пен Райан Барнетт чемпиондық атақтарын алғаш рет қорғады. Өкінішке орай, отандасымыз спорттық мансабында екінші рет жеңіліп, чемпиондық атағынан айырылды. Айта кетейік, Жанат Жақиянов WBA (Super) нұсқасы бойынша чемпиондық атағын ақпан айында америкалық Роуши Уорренді жеңіп иеленген еді. 

Дереккөз: Vesti.kz


22 қазан 2017, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.