Атырау, 23 желтоқсан 05:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Астана тұрғыны банк операторын балағаттағаны үшін өтемақы төлейді

2 199 рет қаралды

Елорда тұрғыны банктердің бірінің операторын балағаттағаны үшін моральдық шығынды өтеуге міндеттелді, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik  Қазақстан.

Банк клиентін төрт  штаттан тыс оператор сотқа берген. 

Астана тұрғыны 2011 жылы банктен кредит алып, 2017 жылы ақпанда кезекті төлемін уақытылы төлемейді. Соған байланысты банк әйелдің телефонына дауыс хабарламасын қалдырып, қайта хабарласуды сұрайлы. Әйел банкке хабарласқанда, оған Д есімді оператор жауап берген.

Телефонмен сөйлесу барысында оператор әйелден құпия сөзді сұрайды. Клиент ол сөзді білмегендіктен, банк бөліміне келуді өтінген.

Әйел адам дауыс көтеріп, операторды балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтады. 

Бірнеше минуттан соң тағы екі рет хабарласып, өзге операторларға да тіл тигізген.

Он бір күннен соң клиент қайта хабарласып, А есімді оператормен сөйлесіп, оны да балағаттайды. 

Төрт арыз берушінің әрқайсысы елордалық әйелден моральдық шығын ретінде 20 мың теңге төлеуді талап етті. Сот олардың талабын жартылай қанағаттандырып, біреуіне 15 мың, екеуіне 10 мың теңгеден, төртіншісіне 5 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енген.

Дереккөз: Sputnik  Қазақстан

20 қазан 2017, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.