Атырау, 3 ақпан 21:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59

"Өзін жарып жібермекші болды". Ақтөбеде белгілі кәсіпкер газ толы цистернаны соққан

1 636 рет қаралды


Жол талғамайтын көлік жүргізушісі Ақтөбеде газ толы цистернаға соғысып, өзін-өзі өлтірмекші болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты "Актобе Таймс"-қа сілтеме жасап.  Портал мәліметінше, оқиға 13 қазанда болған.  

"Таңғы 05:20-да KNPS газ толтыру станциясына Toyota Hilux автокөлігі соғылған. Көлік тізгінінде Ақтөбеде танымал 39 жастағы кәсіпкер алдын ала нұсқа бойынша цистернаға қасақана соғысқан. Ол газ толы цистернаны соғып, жарылыс ұйымдастырып, өзін-өзі өлтірмекші болды. Алайда газ жарылмады. Сол кезде ер адам қолына пышақ алып, ішіне салған", - деп жазады басылым.  

Дереккөз мәліметінше, кәсіпкер көптеген жарақатарымен аурухананың хирургия бөліміне түскен. Оның мұндай әрекетке баруына не себеп болғанын тергеушілер анықтап жатыр.

Дереккөз: Тengrinews.kz 



20 қазан 2017, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.