Атырау, 23 желтоқсан 05:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

СҚО тұрғындарының табиғи өсімі екі есеге кеміді

1 663 рет қаралды

Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының 50%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Статистика департаментінің мәліметінше, 1 қыркүйектегі көрсеткіш бойынша аймақта 560 мың адам тұрады. 8 айдағы тұрғындардың табиғи өсімі 386 адамды құрады. Былтырғы жылы осы кезеңде бұл көрсеткіш 686 адамға тең болған. Жаңа туғандар саны 6,6%-ға азайып, 4916 адамды құрады, өлім-жітім 1%-ға қысқарды. Соңғы 8 айда 4530 солтүстікқазақстандық қайтыс болды. 

Статистика департаментінің басшысы  Маржан Нұржауыпованың айтуынша, тұрғындар арасында өлім-жітімге көп жағдайда  тыныс алу органдары мен қан айналымы жүйесіндегі аурулары себеп болып отыр. 

Аймақта бұрынғысынша, көші-қонның теріс сальдосы байқалады. Қаңтар-тамыз айларында ол минус 3642 адамды құрады. Нақты деректерге қарағанда, облысқа 16553 адам көшіп келіп, 20195 адам көшіп кеткен. Көшіп келгендердің 4 146-сы - еліміздің басқа аймақтарынан келгендер, 500 - ТМД елдерінен (Ресей және Тәжікстан), 53 - әлемнің басқа елдерінен ( көбінесе Қытай және Германия). 

Дереккөз: ҚазАқпарат


19 қазан 2017, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.