Атырау, 21 желтоқсан 21:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Басым дауыспен қандай үміткерлер алда келе жатыр

4 166 рет қаралды


«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына онлайн түрде 100esim.el.kz сайтында дауыс беру 18 қазанда басталып кетті. Осы ретте «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі оқырман қауымға «100 жаңа есім» жобасында көп дауыс жинап, алда келе жатқан үміткерлердің кім екенін анықтап көрді. 

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысып жатқан 302 адамның арасында мәдениет саласы бойынша 32 адам, қоғам бойынша 83, бизнес бойынша 51, медицина 46, ғылым 47, спорт бойынша 43 үміткер бар. 

Бүгінге дейінгі көрсеткіш бойынша спорт саласында Ақжүрек Таңатаров (75), Тұрсынай Қабыл (71) мен Зульфия Габидуллина (67) көш басында келеді. Ал ғылым бойынша Қуаныш Жұмабеков (179), Жанар Баисеитова (76) мен Мақсат Жабағин (56) алға шыққан. Мәдениет саласында Ордабек Дүйсен (128), Малика Мухтарова (47) мен Светлана Лузина (34) көп дауыс жинаған. Аталған 6 сала бойынша дауыс берушілер бизнес саласына айтарлықтай белсенділік танытар емес. Ол саланың ең алдағы Бақтыгүл Қасымова мен Қайрат Молдасейітов атты үміткерлерінде 49 және 22 дауыстан бар. Медицина саласында Ләззат Айтқожина (155) мен Жасан Зекейұлы (33) әріптестерінен оқ бойы алда. Қоғам саласы бойынша Сембек Сейдазинов (200), Оразали Сәрсенов (89), Вера Ким (54) мен Бахаргүл Төлеген (39) алда келеді.

Еске сала кетсек, 100esim.el.kz онлайн түрде дауыс беру 10 қарашада аяқталады.

Дереккөз: ҚазАқпарат


19 қазан 2017, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.