Атырау, 22 желтоқсан 08:00
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Біздің чемпион

2 371 просмотра

25 жастағы Әнуар САРИЕВ әлемдегі жеңіл салмақты (60 кг дейін) мықты парадзюдошылар үштігіне кіреді, 2016 жылы Риода өткен Параолимпиадаға қатысушы.  

Әнуар үшін алғашқы әлем чемпионаты 2014 жылы америкалық Колорадо-Спрингс қаласында өтті. Бұл уақытта ол самбодан спорт шеберлігіне кандидат болып, төрт жыл бойына спортпен айналыспай, чемпионатқа тек сайыс басталуға екі ай қалғанда дайындала бастаған. Сондықтан оның парадзюдодағы дебюты сәтсіз аяқталды. Бірақ Әнуардың жігері жасымады. Сәтсіздіктен соң бірнеше айдан кейін оңтүстік Кореядағы Инчхон қаласында өткен Параазия Ойындарына қатысып, континенттің үздік парадзюдошыларының жетілігіне еніп, 2015 жылы Сеулде өткен әлем чемпионатында қола алқа, онымен бірге Риода өткен Параолимпиадаға жолдама алды.

Төрт жылдықтың басты сайысында біздің кейіпкеріміз жетінші орын алды. Қазір ол түрлі сайыстарға қатысып, шеберлігін шыңдауда. Биыл Әнуар Ташкентте өткен Әлем кубогында қола алқаны, қыркүйекте Атырауда өткен ҚР Параспартакиадасы және Гран-При сериясындағы халықаралық турнирден алтын алқаны қоржынына салды. Бүгінгі күні әлем рейтингінде үшінші орында тұр. Токиода өтетін Параолимпиадаға лицензия алу үшін ол алдағы екі жылда 12 мықтының қатарында қалуы керек.

Біз Әнуармен телефон арқылы хабарластық, ол Оңтүстік Қазақстанда сауықтыру курсын алып жатыр екен.

- Атырауда екі зауыттың – АМӨЗ бен мұнай базасының ортасында тұрамын, - чемпионның күлгені естілді. – Күн сайын жағалау бойымен 3 шақырым жүгіремін, ал қазан басталғанда бапкерім маған тағы бір «сынақ» қосып берді – әр апта сенбі сайын 10 км кроссқа жүгіремін.


- Көкарна атыраулық бақшашылардың астанасы деуге болады. Жүйектерді отағанды ұнатасыз ба, бұл жұмыс бұлшық еттерді жақсы шынықтырады ғой?

– Кетпен ұстап, жер қазғанды ұнатпаймын, бірақ ата-анам жаса деп тапсырса, оған құлақ асамын. Күніне екі рет жаттығуға барамын, оған қоса Атырау университетінің спорт факультетінде оқимын. Еш уақытым болмайды.

- Сүйікті тағамыңды дайындау рецептісімен бөліссең.

– Одан да қашан өзіңе тамақ дайындадың деп сұрасаңызшы. Әскерге кеткенше дайындағам. Анам Розадан немесе әпкемнен сұраңыз.

- Келер жылға жоспарыңыз қандай?

– Қыркүйекте Сингапурда Азия ойындары, қарашада – Жапонияда ашық чемпионат пен әлем чемпионаты өтеді. Менің жоспарым – бәрін де ұтып алу.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Сурет ұсынған Ә.Сариев

19 қазан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.