ЖЕКПЕ ЖЕК
Атырау командасы дзюдодан Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының жартылай финалына шықты. Еркін, грек-рим күрес, таеквондо, бокс бойынша облыс құрамасы алдын ала кезең сатысындағы сайыстарын аяқтады. Дзюдошылар жүлделі орындар алуға әзір екендіктерін көрсетті.
Командада Ержан Теміржанов (66 кг дейін), Наурызбек Майлашев (73 кг дейін), Фархат Серіков (81 кг дейін), Сұңғат Закарияев (90 кг дейін) және Арман Қалиев (100 кг жоғары) бар. Топ бойынша олармен Батыс Қазақстан, Алматы және Павлодар облыстарының командалары тайталасты. Оралдықтар турнирге келмеді де Атырауға бірінші жеңіс есептелді. Павлодар командасымен матчта Е.Теміржанов жекпе-жекпе ұтылып қалды, қалғандары жеңіске жетті. Кезеңнің қорытынды матчында Алматы облысының командасымен сайыс тартысты өтті: Теміржанов ұтылып, Майлашев ұтты, Серіков ұтылып, Закарияев ұтып алды. 2:2 есебімен Арман Қалиев команданы алға шығарып, Атырауға осылайша командалық жеңіс алып келді. Кубоктың жартылай финалы мен финалы желтоқсанның басында Алматыда өтеді.
***
ДЗЮДО
Қызылордада жастар арасында Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.
Турнирге мықты спортшылар қатысты, сондықтан оның рейтингі жоғары. Өткен жылы Атырау құрамасы турнирден бірде бір алқа ала алмап еді, биылғы нәтиже жақсы. Бақыт Әбдісамат (55 кг дейін) және Жанұзақ Ермағамбет (100 кг жоғары). Жігіттерді бапкерлер А. Сағынғанов пен Р. Құлбаев жаттықтырады.
***
Қызылордада жастар арасында Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.
Турнирге мықты спортшылар қатысты, сондықтан оның рейтингі жоғары. Өткен жылы Атырау құрамасы турнирден бірде бір алқа ала алмап еді, биылғы нәтиже жақсы. Бақыт Әбдісамат (55 кг дейін) және Жанұзақ Ермағамбет (100 кг жоғары). Жігіттерді бапкерлер А. Сағынғанов пен Р. Құлбаев жаттықтырады.
***
КАРАТЕ
Ақсай қаласында EXPO-2017 Халықаралық көрмесіне арналған спорттық WKC-карате бойынша балалар мен кадеттер арасында Ақсай «Ивасикай» шығыс жекпе-жегі мектебінің 2-ші Ашық халықаралық турнир өтті.
Оған еліміздің бүкіл өңірінен 3 мыңдай спортшы қатысты. Атырау облысынан облыстың аға бапкері, ҚР Еңбек сіңірген бапкері, 5-дан қара белдік иегері Ерікқали Қойшекеновтің жетекшілігімен «Жолбарыс» спорт клубының командасы қатысты. Өз салмақ және жас дәрежелері бойынша Бекзат Сайнов, Арлан Балмағамбетов, Камил Жұмағалиев және Абат Әмірханов чемпиондар мен жүлдегерлер атанды.
Суретте (солдан оңға) Камил, Бекзат, Арлан, Абат.
ТАЕКВОНДО
Алматыда «Жеңіс спорт клубының кубогы» республикалық турнирі өтті.
Турнир елдің бүкіл өңірінен 632 жасөспірімдерді жинады. Атырау құрамасы үш алтын (Арайлым Асқарова, Алина Дадикенова және Нұрай Хусайнова) мен бір күміс алқа (Серік Артур) иеленді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ