Атырау, 22 желтоқсан 08:11
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жас боксшылардың алтын жазы

3 000 просмотра


Өз шәкірттерінің жетістіктері туралы бокстан облыстың жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Айдос ДӘУЛЕТОВ (суретте) әңгімелейді.

АЖ ақпараты: Дәулетов Айдос Қарасайұлы, 27 жаста, ҚР спорт шебері, 2006 жылғы Азия чемпионының финалисі, бапкерлік өтілі 6 жыл.

- Жыл біз үшін Ақтауда юниорлар арасында ақпанда өткен ҚР чемпионатындағы табысты жекпе-жектен басталды. 63 келіге дейінгі салмақта Сәлімжан Сәлімгереев пен 54 келіге дейінгі салмақта Әлихан Сембай чемпион атанды. Бір айдан соң екеуі де Шымкентте 2000 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирге барды. Бұл турнирге ТМД құрама елдерінің бірінші және екінші нөмірлері қатысады, сондықтан оны әлемнің екінші чемпионаты деп атайды. Әлихан бұл жерден күміс алды, Сәлімжан алдын ала шеңберде шымкенттік спортшыға жол берді.

Маусымда Таразда біздің спортшылар 2001-02 жылғы жасөспірімдер арасында Бауыржан Момышұлыны еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысты. 80 келіден жоғары салмақтағы Роберт Эдуардұлы алтынмен ерекшеленді. 42 келіге дейінгі салмақта Жандос Қайратов күміс жүлдегер болды. С.Сәлімгереев пен Асылжан Ғалымжанұлына қола алқа бұйырды. Қыркүйекте Аягөз қаласында ТМД мен Моңғолияның мықты спортшыларының қатысуымен тағы бір халықаралық турнир өтті. Бұл жерде біздің спортшылар екі алтын алқа иеленді: 54 келіге дейін – Бекзат Битимов пен 80 кг жоғары - Аманат Сабырғали. Мұстахим Бекқалиев (52 кг дейін) пен Аялан Құмарғалиев (60 кг дейін) қола алқа иеленді.

Шілдеде Балқаш қаласында өткен халықаралық турнирде А.Сабырғали алтын алқа, Бекзат Мәжитов күміс алқа иеленді. Бексұлтан Нұрланұлы қоланы місе тұтты. Тағы бір алтын алқаны А.Сабырғали Ақтөбеде әлем чемпионы Галиб Джафаровтың жүлдесі үшін  өткен халықаралық турнирде қоржынға салды. 70 келіге дейінгі салмақта Рахат Дарханов үшінші болды.

Қыркүйекте «Атырау» ДСК-де бапкер Қамбар Андашевті еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Бұл жерде 44 кг дейінгі салмақта – Б.Мәжитов, 50 кг дейін – Бахтияр Искалиев, 52 кг дейін – М. Бекқалиев, 57 кг дейін – А. Ғалымжанұлы, 75 кг дейін - Қуаныш Ахметов, 80 кг дейін – А.Сабырғали алтын алқалар тақты. Әлихан Сүйенбай мен Бекзат Сиражев күміс, Б.Нұрланұлы қола алқа алды.  

Желтоқсанда Таразда оңтүстік және батыс облыстарынан 2002-03 жылғы спортшылар арасында ҚР аймақтық чемпионаты жоспарланып отыр. Бұл сайыстың жүлдегерлері келер жылдың басында Семейде өтетін ҚР чемпионатының финал бөліміне қатысады. Жақында біз облыс чемпионатын өткіздік. 14 салмақ бойынша екі нөмірден команданы іріктедік. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекетке жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 қазан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.