Атырау, 23 желтоқсан 05:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ҰБ басшысы шетелде Ұлттық қор қаржысын қамаққа алу туралы ақпаратқа түсінік берді

2 300 рет қаралды


Парламент Мәжілісінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Голландияда Қазақстанның Ұлттық қор қаржысына тыйым салынғаны туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бұл тұрғыда жаңсақ ақпарат жарияланды. Ұлттық қор қаржысы құнды қағаздарда швед компанияларында 100 млн АҚШ доллары көлемінде, Голландияда бағалы қағаздарда 240 млн доллар деңгейінде орналастырылған», - деп түсіндірді ҰБ басшысы тілшілердің сауалына жауап беру кезінде. 

Оның атап өтуінше, осыған байланысты қандай да бір талап-арыз қойылса, барлық жұмыс Әділет министрлігімен бірлесе жүргізіледі. «Тек олармен консультациялар жасалғаннан кейін ғана біз тиісті пікірімізді мәлімдей аламыз»,-деді Ақышев.

Дереккөз: ҚазАқпарат


18 қазан 2017, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.