16 қазанда Атырау теннис орталығында «Спорт формуласы» жобасының шеңберінде «сегіздік-микст» шоу-турнирі өтті.
«Атырау» футбол клубының ойыншылары мен жергілікті үздік теннисшілері қатысып, жұптасып сайысты. Ойындар бір уақытта екі кортта өткізілді, ал әрбір матч қысқартылған партиялардың бірінен (тай-брейк) тұрды. Қазақстандық ең атақты теннисші Ярослава ШВЕДОВА құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Нәтижесінде қола алқа Юре ОБШИВАЧ - Элина АН жұбына, Вадим ИВАНОВ мен Әзиза КӨШЕКОВАҒА күміс алқа, ал «Атырау» капитаны Марат ХАЙРУЛЛИН мен серіктесі Ирина ЯШКОВАҒА алтын алқа бұйырды.
Марат ТАКУЛИН
Суретті және видеоны түсірген автор