Атырау, 17 мамыр 08:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Монополияға қарсы орган көмір нарығын тексере бастады

2 331 просмотра

Фото: Kursiv.kz

Монополияға қарсы орган 2017 жылғы 16 қазаннан көмір өндіруші компанияларға және көмір жеткізушілерге қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Монополияға қарсы орган көмір нарығындағы, оның ішінде оны жеткізу және  Қазақстан өңірлерінде өткізуге қатысты жағдайды бақылайды. Комитеттің мәліметінше, көмір нарығы субъектілерінің қызметіндегі бәсекелестікті қорғау  туралы заңнамаға сәйкес, бірқатар өңірлердегі көмірдің жоғары сорттарының бағаларын тексеру қажет. Ал егер осы заңнама бойынша монополиялық кіріс тәркiленген жағдайда шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) 3 %-ы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 5 %-ы мөлшерiнде айыппұл салынады.

Дереккөз: qazaqtimes.com 

18 қазан 2017, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.