Атырау, 23 желтоқсан 04:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Айсултан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен босатылды

2 499 рет қаралды


Айсултан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Vesti.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.  

"Айсултан Назарбаев берілген арыз бойынша "Қазақстан футбол федерациясы ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігі вице-президенті қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. 

Биыл ақпанда Айсұлтан Назарбаев ҚФФ халықаралық ұйымдармен (ФИФА, УЕФА және ұлттық ассоциациялар) байланыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалған еді.  "Футболшы ретінде Айсұлтан Назарбаев ұлыбританиялық "Портсмут", қазақстандық "Локомотив" (қазіргі "Астана") және "Сұңқар" командалары сапында өнер көрсетті. 

2015 жылы ол ҚФФ президенті қызметіне өз кандидатурасына ұсыну туралы жоспарларын бөліскен еді.

Дереккөз: Vesti.kz


18 қазан 2017, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.