Атырау, 17 мамыр 08:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Сүлейменов Қырғызстанның ЕЭК-ға жазған хаты туралы: саясиландырудың қажеті жоқ

2 258 просмотра

Фото: Sputnik

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасына жазған хатына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Менің ойымша, кез келген ел өзінің экономикалық және өзге де мүдделерін қорғау қажеттілігі болған жағдайда ішкі шаралар қабылдауы мүмкін. Бұл жағдайды саясиландырудың қажеті жоқ деп санаймын. Тек біздің елдің және қырғыз елінің мүдделі ведомстволары жедел жұмысты жалғастырып, мәселені шешуге тырысу керек", — деді Сүлейменов БАҚ өкілдеріне.  

Оның айтуынша, кез келген елдің Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңеске жүгінуге құқығы бар. 

"Отырып, мәселелерді қарау үшін кез келген жүгіне алады. Бұл ретте Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңес, үкіметаралық кеңес, комиссия кеңесі туралы шешім консенсус арқылы қабылданатынын атап өткім келеді. Яғни, егер тараптардың бірі ұсынылған шешімдермен келіспесе, шешім қабылданбайды. Осыны ескеру керек", — деді министр. 
Министр көрші елдің Қазақстан ЕАЭО бірыңғай нарығының негізгі қағидаларының бірін бұзып, еркін тауар айналымына кедергі келтіріп отыр деген мәлімдемесімен келіспейтінін айтты. 

"Жоқ, әрине. Біз өзіміздің заңнамамыздың және Еуразиялық экономикалық одақтағы міндеттемелеріміздің аясында әрекет етіп жатырмыз", — деп мәлім етті Сүлейменов,  

Айта кетсек, Қырғызстанның экономика министрлігі Қазақстан енгізген қосымша қадағалау ЕАЭО туралы келісімнің негізгі қағидалары мен мақсаттарына қарама-қайшы келеді, интеграция мақсаттарына жетуге кедергі келтіреді деп мәлім еткен болатын. Қазақстан еркін тауар айналымына кедергі келтіріп, ЕАЭО бірыңғай нарығының негізгі қағидаларын бұзып отыр, деп атап өтті көрші елдің министрлігі. Осыған байланысты министрлік ЕЭК алқасы басшылығына хат жолдап, Қазақстанға одақтың ережелерін сақтау қажеттігін ескертуді сұрады.

Дереккөз: Sputnik

17 қазан 2017, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.