Атырау, 7 мамыр 03:46
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қанат Бозымбаев бензин бағасына болжам жасады

2 220 просмотра

Қазан-қараша айларында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 160-161 теңге болуы тиіс. Мұндай болжамды бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев (суретте) жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  

«Ресейлік бензин қазақстандыққа қарағанда қымбат. Сондықтан оның Қазақстандағы бағасы 171 теңге болуы мүмкін. Сондықтан біз ірі желілік компаниялармен олар бағаны теңестіруі үшін импорт көлемі тең бензин беріп отырамыз деп уағдаластық. Қазан айының соңы мен қараша айының басында орташа бағасы литріне 160-161 теңге болуы тиіс деп санаймыз», - деді Қанат  Бозымбаев. 

Сонымен қатар ол көрші елдерден бензин импорттау қажеттігіне байланысты жанармайдың еліміздегі бағасы жоғары болып отырғандығын баса айтты. 

«Баға жоғары. Бірақ, бұл өсім болмаса Қазақстанға бензин әкеле алмаймыз. Қазанда ресейлік бензиннің үлесі шамамен 40 пайыз болса, қарашада біз оны 30, ал желтоқсанда 20 пайыздан төмендейді деп болжап отырмыз», - деді министр. 

Мұнан бөлек, Бозымбаев таяу уақытта елімізде бензин тапшылығы болмайтындығына сендірді. «Атырау мен Шымкенттегі екі ірі мұнай өндеу зауытымыз және «Конденсат» АҚ АИ-92 маркалы бензиннің 170 мың тоннасын өңдіреді деп болжап отырмыз. Бұған қоса, ірі компаниялар ресейлік мұнай компанияларымен 100 мың тоннадан астам бензин алуға шарт жасасты»,-  деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат


17 қазан 2017, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.